Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қабылдауына жазылған 36 азаматтың мәселесін тыңдап, шешімін қарастырды.
Қабылдау барысында әлеуметтік көмек, тұрғын үй кезегі, инфрақұрылым жүйесі, кәсіпкерлік мақсатта жер телімін заңдастыру және қоғамдық көлік мәселелері көтерілді. Осы орайда қала тұрғыны Нұрман Төлебайұлы Орталық саябақта шахмат клубын салу бойынша ұсыныс айтты.
Қала әкімі қарияның тілегін ескеріп, жауаптыларға саябақ аумағында шахмат клубын салу үшін эскиздік жоба дайындауға тапсырма берді.
Қабылдау кезінде Ғабит Әбдімәжитұлы азаматтардың арыз-шағымы мен ұсыныс-тілектері жауапсыз қалмайтынын жеткізіп, тиісті басшыларға тапсырмалар міндеттеді.
Айта кетейік, жеке қабылдауға жазылу барысын Шымкент қаласы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі