Ашық хат дауы: Асанәлі Әшімов қол қоймағанын айтады

426

ҚР Мәжілісінің депутаты, ақын Қазыбек Иса «Facebook» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Мәдениетке мәдениетті білетін басшы керек» деген атпен бір топ қоғам қайраткерлерінің Ашық хатын жариялады.

Қазыбек Жарылқасынұлы: «Кеше 12 қарашада екі Еңбек Ері — Асанәлі Әшімов пен Дулат Исабеков бастаған, Халық әртістері мен Халық жазушылары қостаған әйгілі мәдениет қайраткерлері кино саласындағы қалыптасқан ауыр ахуалға наразылық білдіріп, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтан жағдайды бақылауға алуды сұрап, Ашық хат жазды. «Мәдениетке мәдениетті білетін басшы керек!» — деп  мәлімдеді өнер тарландары», — деп жазып, Ашық хаттың толық мәтінін жариялады.

Ашық хатты осы гиперсілтемеден оқуға болады: Қазыбек Иса парақшасы.

Ашық хат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Үкімет басшысы Олжас Бектеновке және Қазақстан Парламентінің қос палатасындағы депутаттарға бағытталалған екен.

АШЫҚ ХАТТА НЕ ЖАЗЫЛДЫ?

Ал оған қол қоюшылар деп: Асанәлі Әшімов, Дулат Исабеков, Нұржұман Ықтымбаев, Смағұл Елубай, Досхан Жолжақсынов, Талғат Теменов, Қанат Төребайлар көрсетілген.

«Мәдениет саласына мәдениетті білетін басшы керек екені күн сайын сезілуде. Сол себепті біз, киногерлер отандық кино саласындағы қордаланған проблемаларды шешу жолдарын талап етіп, билікке қайрылуға мәжбүрміз», — деген хат иелері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына шақырып, киногерлермен тікелей кездесу өткізуді сұрайды.

Біз Ашық хатқа қол қойған Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовке хабарласып, мән-жайды сұрадық.

Ақмылтық  1058  7 пікір 13 Қараша, 2024 сағат 15:23

Ашық хат дауы: Асанәлі Әшімов қол қоймағанын айтады

Суреттер: orda.kz, qazaqstan.tv және el.kz сайттарынан алынды.

Бүгін ҚР Мәжілісінің депутаты, ақын Қазыбек Иса «Facebook» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Мәдениетке мәдениетті білетін басшы керек» деген атпен бір топ қоғам қайраткерлерінің Ашық хатын жариялады.

Қазыбек Жарылқасынұлы: «Кеше 12 қарашада екі Еңбек Ері — Асанәлі Әшімов пен Дулат Исабеков бастаған, Халық әртістері мен Халық жазушылары қостаған әйгілі мәдениет қайраткерлері кино саласындағы қалыптасқан ауыр ахуалға наразылық білдіріп, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтан жағдайды бақылауға алуды сұрап, Ашық хат жазды. «Мәдениетке мәдениетті білетін басшы керек!» — деп  мәлімдеді өнер тарландары», — деп жазып, Ашық хаттың толық мәтінін жариялады.

Ашық хатты осы гиперсілтемеден оқуға болады: Қазыбек Иса парақшасы.

Ашық хат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Үкімет басшысы Олжас Бектеновке және Қазақстан Парламентінің қос палатасындағы депутаттарға бағытталалған екен.

АШЫҚ ХАТТА НЕ ЖАЗЫЛДЫ?

Ал оған қол қоюшылар деп: Асанәлі Әшімов, Дулат Исабеков, Нұржұман Ықтымбаев, Смағұл Елубай, Досхан Жолжақсынов, Талғат Теменов, Қанат Төребайлар көрсетілген.

«Мәдениет саласына мәдениетті білетін басшы керек екені күн сайын сезілуде. Сол себепті біз, киногерлер отандық кино саласындағы қордаланған проблемаларды шешу жолдарын талап етіп, билікке қайрылуға мәжбүрміз», — деген хат иелері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына шақырып, киногерлермен тікелей кездесу өткізуді сұрайды.

Біз Ашық хатқа қол қойған Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовке хабарласып, мән-жайды сұрадық.

 

Сурет: qazaqstan.tv сайтынан алынды.

 

ӘШІМОВ: ЕШҚАНДАЙ ХАТҚА ҚОЛ ҚОЙМАДЫМ!

«Мен ешқандай Ашық хатқа қол қойған жоқпын. Тек министрдің қабылдауына жазылуды өтініп, хат жолдаған болатынбыз. Ал қазіргі мәдениет министрлігіне көңілім толады. Министрліктің жұмысына қарсылық білідіретіндей еш хатқа қол қоймадым», — деп қысқа қайырды Асанәлі Әшімов.

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса бүгін «Facebook» желісінде Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің атына тағы да депутаттық сауал жолдап, былай деді: «Еліміздегі мәдениет саласындағы үздіксіз жалғасып жатқан келеңсіздіктерге, ұлттық кинодағы ауыр ахуалға ең алдымен мәдениеттен хабарсыз мәдениет басшылары жауапты екенін мәлімдеп, Үкімет басшысынан шұғыл шара қолдануды талап етті».

Бір назар аударарлығы – аталған депутаттық сауалды қолдап қол қойды деген Мәжіліс депутаттарының кейбірі кейін тізімнен алынып тасталды. Әуелгі тізімде есімдері көрсетілген Дания Еспаева мен Максим Рожин кейін қол қоюшылар тізімінде көрсетілмеген.

 

Сурет: el.kz сайтынан алынды.

 

МАКСИМ РОЖИН: МИНИСТРДІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ ҚАРАЙМЫН!

Біз Мәжіліс депутаты Максим Рожин мырзаға да хабарласып, мән-жайды сұрадық. Рожин мырза қызметіне байланысты жиналыста екенін айтып, редакциямызға өз пікірін орыс тілінде, жазбаша жолдады. Біз аталған пікірді қазақ тілінде ұсынамыз:

«Депутаттық сауал кезінде мен сұхбат (интервью) беру үшін сыртқа шығып кеттім. Депутаттық сауалды тыңдаған жоқпын. Ол туралы кейін, жарияланған соң ғана білдім.

Жалпы министрдің жұмысына оң қараймын. Түсіндіре кетейін:

Министр Аида Балаева бұл салаға басшы болып алғашқы келген кезінде-ақ, екінші тағайындалған кезінде де балаларға арналған контентті жалпы мемлекеттік тілге көшіру бойынша жүйелі жұмыс басталды. Министрлік балаларға арналған бейне және баспа контентімен, БАҚ-тармен жүйелі түрде айналыса бастады.

Халықаралық Nickelodeon HD, TiJi балалар арналары біздің балаларымыз үшін қазақ тілінде сөйлей бастады, бұл жұмыс бірнеше жылдан бері Аида Балаеваның ұсынысы мен жеке бастамасымен жүзеге асырылып келеді. Мен үшін бұл министрлік жетекшілік ететін маңызды салалардың бірі», — деді Максим Рожин.

Тақырыпқа тұздық: Бүгін Аида Ғалымқызы Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне пікір білдіріп, «Қазақфильмдегі» дау-дамайға байланысты киностудия жабыла ма?» деген сұраққа жауап берді.

 

Сурет: time.kz сайтынан алынды.

 

МИНИСТР БАЛАЕВА: «ҚАЗАҚФИЛЬМ» ЖАБЫЛМАЙДЫ!

Министр Балаева: «Әрине, жабылмайды, мұны министр ретінде ресми түрде жариялаймын. Бұл – біздің тарихымыз. Кино мен кинематографияның дамуы «Қазақфильм» тарихымен тікелей байланысты. Сондықтан бұл кәсіпорынды сақтап, оны дамыту – ұрпақ алдындағы парызымыз»,  деп жауап берді Аида Балаева.

Оның айтуынша, бүгінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің киностудияны тікелей қаржыландыруға құзыреті жоқ.

«Сондықтан қазір біз нақты шараларды қарастырып жатырмыз. Біріншіден, бұл мәселені заңнамалық деңгейде реттеу, яғни «Қазақфильм» киностудиясын мемлекеттік тапсырыс арқылы және жекелеген тетіктер арқылы тікелей қаржыландыру керек. Осы орайда менеджерлік тәсілді қайта қараудамыз. Бүгінде «Қазақфильмнің» өзі де, инфрақұрылымы да өте қиын жағдайда екенін айтқым келеді. Жалпы, қаржыландыру жоқ жерде даму туралы айтудың қажеті жоқ», — деді Аида Балаева.

P.S

Біздің мақала жарияланғаннан кейін екінші тарап редакциямызға хабарласып, аталған ашық хаттың тек Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаның парақшасында ғана емес, Jasalash.kz порталы мен әлеуметтік желілерде жарияланғанын айтты.

Одан бөлек, Асанәлі Әшіміов бастаған Халық әртістерінің аталған ашық хатқа қол қойғанын көрсететін құжатты редакциямызға ұсынды.

Abai.kz