Шымкент қаласының жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіру аясында маңызды жобалардың бірі – Қазиев көшесінің Арғынбеков көшесінен Төлеметов көшесіне дейінгі жалғасының құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Жобаның жалпы ұзындығы – 1,7 шақырым. Төрт жолақты жолдың құрылыс жұмыстары көктем мезгілінде басталып, 2026 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда.
Бұл жаңа жолақ – қаланың солтүстік бағытындағы көлік жүктемесін азайтып, Бәйдібек би даңғылына балама бағыт қалыптастырады. Сонымен қатар, Ақжайық және ShymCity шағынаудандары тұрғындары үшін қала орталығына кедергісіз әрі ыңғайлы қатынау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.