Жуырда » Евразия » телеарнасының басты жаңалықтар бағдарламасында Шымкент қаласында орын алған сұмдық жол көлік оқиғасы туралы
толыққанды хабар берілген болатын.
Онда , осыдан бір ай шамасы бұрын ,яғни қырқүйек айынының 29-дарында азаматша Бақыткүл Оразбаеваның мектепке бара жатқан 13 жасар қызын жүргіншілердің жолағынан өтіп , біте берген кезінде «Toyota» автокөлігінің жүргізушісі жоғарғы жылдамдықпен келіп соғады.Қатты соққыдан қыздың биікке көтеріліп, 50-60метр қашықтыққа ұшып құлағаны бейне көріністен анық көрінеді.
Осы кезде , жолдың сол шетінде жүргізушіні жіберіп, тоқтап тұрған ақ түсті жеңіл көлік байқалады .
Кінәлі жүргізуші ұсталып, қамауға алынады .
Алайда , жүргізушіні бір күннен кейін сот шешімімен үйқамаққа шығарылғандығы күдік тудырады.. Ішкі істер органдары үй қамаққа алу туралы мәселені алдын ала тергеу аясында өздерінің шешуге толық құқықтары бар емес пе?
Шын мәнінде әлгі көліктің аса жоғарғы
жылдамдықта келе жатқаны сараптама жасамай-ақ байқалады..
Егер жеңіл көлік жүргізушісі қала жағдайында белгіленген 60-км жылдамдықта болғанда ,жолдың шетіне жетіп қалған жасөспірім қызды баспай өткен болар еді . Күдіктінің
бұл әрекеті қылмысты ауырлататын жай болып саналатыны даусыз.
Сонымен, жасөспірім қызды көлігімен соғып өлтіріп , тергеу барысында бар болғаны үйқамақпен шектелген қандай мықты болды екен деп таңқалуыңыз мүмкін.
Сөйтсек ,бұл әулиеңіз бар болғаны банк қызметкері екен.
Дені сау,мәдениетті , заманауи банк қызметкері біреудің келешегініен зор үміт күткен жас өспірім қызын о дүниеге аттандырғанына өкініп ,
кінәлі адам ретінде мойындаудың орнына, бұл күндері қыздың анасына қоқан-лоқы көрсетіп жүргеніне жол болсын?!
Әлде, «шымкенттік құқық қорғау органдарын айтқаныма көндіремін»,- деген жансақ сенімі бар ма?
Осы орайда, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен қалалық мәслихат депутаттарының кезекті бір отырысында қылмыспен күрестің
пәрменділігі туралы мәселені қарап, құқық қорғау органдарының басшыларының жауапкершіліктері жайлы да мәселе көтеру
керек сияқты.
Сізден , өңір басшысы ретінде дербес жауапкершілігіңізді таныта отырып,(Президент талабы бойынша) әкімшілік рәсімдік іс аясында төмендегі ұсыныстарды жан-жақты,толыққанды қарап шара көруіңізді сұранамын,атап айтқанда :
Жоғарыдағы қылмыстық іс бойынша тиісті құжаттарды Өзіндік қауіпсіздік басқармасына беріп , қызметіне немқұрайдылық танытқан лауазым иелеріне қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін ;
2. Алдағы тергеудің барысын ,анықтау басқармасының өндірісінен алып ,полиция департаментінің тергеу басқармасы өндірісіне алуды ;
3.Жәбірленуші Бақыткүл Оразбаеваға дер кезінде таныстырылып , тергеу тарапынан шығарылған барлық процессуалдық қаулылардың көшірмесін бергізуді;
4.Шұғыл түрде адам өліміне ұласқан жол көлік оқиғасына кінәлі жүргізушіге бұлтартпау шарасын қамтамасыз етуді ;
Осы жайлы Шымкент қаласының прокуроры Мұқанов Сәбит
Қасымбекұлына да хабардар етіледі.
Біздің елдің келешегі жеткіншектерімізді заң аясында
қорғай алмасақ ,елдігіміздің болашағы не болмақ ,ағайын!
Е.К.Турдахов
Шымкент қаласы ,журналист.














