Шымкентте заңсыз жүрген шетелдік азаматтар қамалып жатыр

1636
Шетелдік азаматтардың 9 қамауға алынса, тағы 2 елден шығарылды.
Оңтүстіктегі ірі шаһардың аумағында заңсыз көші-қонды анықтау және оның жолын кесу, уақытша және тұрақты түрде тұрып жатқан шетелдік азаматтарды есепке алуды қамтамасыз ету, сонмен қатар Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 16-20 қаңтар күндері аралығында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы zakon.kz Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Бір тәулік ішінде Шымкент қаласының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасының 32 бұзушылығын анықтаған, оның ішінде 27 шетелдік азамат пен 5 қазақстандық бар.
Құқық бұзған 15 адамға ескерту жасалып, 8 әкімшілік айыппұл салынды. Сонадай-ақ, 9 шетелдік азамат әкімшілік қамауға алынды және сот шешімі бойынша өзге мемлекеттерден келген 2 азамат елден шығарылды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қабылдау-тарату бөліміне жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 22 адам қамауға алынды.
Шетелдік азаматтарды тұрғын үймен заңсыз қамтамасыз еткен 4 азамат және ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабын бұзған басқа мемлекеттің 1 азаматы анықталды.
Сондай-ақ, өзге мемлекет азаматының ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігін бұзғаны белгілі болды. «МИГРАНТ» жедел профилактикалық іс-шарасы әлі де жалғасуда.