Басты Қазақстан «БТА Банк» директорлар кеңесінің төрағасынан $1 млн АҚШ бопсалағандар ұсталды
Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкері мен тағы екі азаматты қылмыс үстінде ұстаған. Бұл туралы құзырлы органның ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Д.Ысқақов және уақытша жұмыссыз Д.Әлпиев пен Э.Сүлеймановты қылмыс үстінде 2019 жылдың 19-шы қаңтар күні ұсталған.
Көрсетілген адамдар «БТА Банк» АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасынан 1 млн АҚШ долларын Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша мәселені шешу үшін алаяқтық жолмен бопсалаған.
Бұл ретте, Д.Ысқақов осы қылмыстық іс бойынша Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобының құрамына кірмеген.
Д.Ысқақов, Д.Әлпиев және Э.Сүлеймановтарға қатысты Алматы қаласының Мамандандырылған тергеу соты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.
Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.