Түркістанда көпбалалы аналардың автобуста тегін жүру мәселесі қаралады

1512
Түркістандық көпбалалы аналарға қоғамдық көлікте тегін жүру мәселесі қарастырылады. Бұл туралы шаһар басшысы Әліпбек Өсербаев 150-ге жуық көпбалалы анамен кездесу кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Басқосуға әкімдіктің дербес бөлімдерімен қатар зейнетақы төлеу, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен орталық емхана, балалар емханасының басшылары мен дәрігерлері де қатысты. Олар өз кезегінде туындаған сауалдарға жауап беріп, мәселелерді шешуге мүмкіндігінше атсалысты. Әртүрлі жеке мәселемен келген аналар әлеуметтік және коммуналдық көмек, жәрдемақы мен баспаналы болу, жұмыссыздық ретін шешу бойынша өтініштерін білдірді.
Сонымен қатар, аналардың көпшілігі әр үйден 3-4 бала балабақшаға баратынын, соның төлемақысынан қиындық көріп жүргенін айтты. Әкім өз кезегінде алдына келген аналардың 30-дан астамының өтінішін жеке-жеке тыңдап, алдағы уақытта бұл мәселелердің рет-ретімен шешілетінін жеткізді. Көпбалалы және кедейшілік шегінен төмен отбасыларға жергілікті бюджет есебінен бір реттік қаржылай көмек жасау және айына бір рет азық-түлікпен қамтамасыз ету жайын қарастыруды
Түркістанда көпбалалы аналардың автобуста тегін жүру мәселесі қаралады
«Алтын алқа», «Күміс алқа» иелерінің қоғамдық көлікте тегін жүруін заң талаптары аясында шешіп, осы аталған мәселелер бойынша есеп-қисап жүргізуді тиісті орынбасарларына міндеттеді. Сондай-ақ, көпбалалы отбасы балаларына мектептің бірыңғай формасын беруде жеңілдіктер қарастыру керектігін атап өтті. Себебі, көпшілік аналар мектепке 4 бірдей баласының баратынын айтып, олардың барлығын қажетті заттармен қамтамасыз етуге жағдайы келе бермейтінін айтып шағымданды.
Қала әкімі барлық мәселелер назарға алынып, шешу жолдары жолға қойылатынын және алдағы күндері келем деушілерді қабылдауға дайын екенін жеткізді.