Біргеміз, берік іргеміз: «Петро Қазақстан ойл Продактс» ЖШС ұжымының қазақстандықтарға үндеуі

1102
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен Қазақ халқын ел етіп, ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті ел тарихында Өзіңіздің маңдайыңызға жазылды. Бұл жолда да тәуелсіздікті тау ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен қадам басқан Қазақстан халқының нағыз көшбастар көшбасшысына айнала білдіңіз ақиқат.
Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті. Сондықтан да біз сапалы білім алып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы үшін белсенділік танытып, еліміздің одан әрі гүлденуіне өз үлесімізді қосып келеміз.
Біз Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегінің арқасында ең бай мемлекетке айналдық, халқымыз да бақытты ғұмыр кешуде. Кең байтақ еліміз егіске толып, өрісімізден мал кетпейтін, бейбіт те зайырлы мемлекеттің ұрпағы болып отырмыз.
Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосқан – Қазақстан халқының Тұңғыш Президентіне алғысымыз шексіз! Бұл күнде Сіз жүріп өткен жолдар тарихқа айналды. Өзіңіз іргесін қалаған бас қаланың атауы, еліміздің ірі қалаларындағы көше атаулары, даңғылдары, арбат атауы Нұрсұлтан Назарбаев есімімен аталуы расында Сізге жасалған лайықты зор құрмет. Өзіңіз отыз жыл тер төккен еліміздің мәртебесі мұнан да биіктеп, Өзіңіз салып берген сара жолдың әрі қарай болашақта да жарқын болатынына бек сенімдіміз.
Өзіңізге деген ізгі құрметпен,
Шымкент мұнай өңдеу зауытының ұжымы