Жеңіс күніне орай шымкенттік ардагерлерге 252 500 теңгеден беріледі

1521
Күн сайын қатарлары сиреп бара жатқан Ұлы Отан соғысының ардагерлері қандай марапатыңызға да лайық. Бүгінде миллиондар мекенінде 54 Ұлы Отан соғысының ардагері бар.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасындағылардың берген мәліметіне сәйкес Жеңіс күні қарсаңында 100 АЕК яғни, 252 500 теңгеден беріледі. Одан бөлек, тыл ардагерлеріне 5 АЕК яғни, 12 625 теңгеден үлестірілмек.
Ал, ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне 12 625 теңгеден беріледі. Нұр-сұлтан қаласындағы ардагерлер сияқты 519 мың теңгеден алмаса да соның жартысына жуығын місе тұтпақ.
Дереккөз:otyrar.kz