Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарын «Ар-Дақ» газетінде және www.ardak.kz сайтында ұсыну тәртібі мен төлем мөлшері туралы мәліметтер

«Ар-Дақ» газеті «Д.Айдана» ЖШС-і  меншік иесі.
«Ар-Дақ» газеті – 2000 жылдан бері қазақ тілінде жарық көретін, қоғамдық — саяси апталық .
Газеттің форматы – А3
Газет аптасына 1 рет, жұма күні шығады.
Газеттің бір бетіндегі жарнама көлемі – 900 ш. см
Апталық тираж – 5000 данадан кем емес.

2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасының Президент сайлауына қатысатын кандидаттарға сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялауға арналған баспа беттерін «Ар-Дақ» газетінде және www.ardak.kz сайтында беру талаптары жайында хабарлайды.

Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарын ұсыну тәртібі

Үгіт-насихаттық баспа материалдары Газетке Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 3-тармағының 28-бабында көзделген көлемде, Газеттің меншік иесімен басылымнан орын беру туралы келісімге қол қоюға өкілетті тұлғаның қолымен ұсынылады.
Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдары Газетке модуль немесе мақала түрінде ұсынылады.
Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарын Газеттің беттерінде орналасуын Редакция өзі анықтайды.
Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдары Газетке шығатын күнінен 3 (үш) жұмыс күн бұрын беріледі.
Егер Президенттікке кандидат сайлау алдындағы бағдарламасында Республиканың Конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрылымдар құру идеяларын уағыздайтын болса, газет үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Газеттің баспа бетіндегі орынның төлемақысы мен оны төлеу тәртібі

Үгіт-насихаттық және ақпараттық материалдар үшін басылым бетінен орын беру ақысы:
Дайын мақаланы немесе модульді ішкі бетке орналастыру 1 ш. см – 200 теңге ҚҚС қоса есептегенде.
Дайын мақаланы немесе модульді 1-ші; 8-ші (бетке түрлі-түсті бет) орналастыру 1 ш. см – 280 теңге ҚҚС қоса есептегенде.
Дайын мақаланы www.ardak.kz сайтында орналастыру (кеңістікті есептегенде әрбір 2500 п.б. дейін 1 күннен кем емес) – 50 мың теңге ҚҚС қоса есептегенде.
Төлем Газет басылымнан орын беруі туралы тиісті келісімшартында көрсетілген банк реквизиттері бойынша немесе ұсынылған төлемшот негізінде алдын ала, төлемшот ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде төленуі тиіс.

  • Мекен жайы: Шымкент қаласы, Абдразақов көш., 3 үй, №90 п. Байланыс тел. +778 115 15 25     
  • E-mail: ardak.gazeta@mail.ru