ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

1452
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде қала әкімі, қалалық ҚХА төрағасы М.Д.Әйтеновтің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.
Отырыста қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында бірлесе атқаратын жұмыс бағыттары айқындалып, ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай әзірленген қалалық кешенді іс-шаралар жоспары пысықталды.
Сонымен қатар, Әл-Фараби мен Абайдың рухани мұралары ассамблеяның «Қазақтану» жобасы аясында насихатталуы мен «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» аясындағы іс-шараларға этномәдени бірлестіктердің кеңінен тартылу мәселесі айтылды.
Кеңеске қатысушылар отырыс барысында көтерілген мәселелер этносаралық қатынастар саласында қызмет ететін мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам ұйымдарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыратынын, еліміздегі халық бірлігін нығайтуға, бейбітшілік пен келісімді сақтауға ықпал ететінін атап өтті.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі