Салық Әмияны дегеніміз не?

1192
МКК порталының eSalyq мобильді қосымшасындағы Салық әмиянының қызметі App Store и Play Market жарияланған.
Салық әмиянының қызметіне қол жеткізу үшін ұялы азаматтардың деректер базасында тіркелуді қажет ететін ЭЦҚ немесе СМС кодын қолдану арқылы eSalyq қосымшасында тіркелу қажет. Мобильді қосымшада логинді ЖСН/пароль, жылдам кіру коды арқылы теңшеуге болады (FaceID, TouchID).
Жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер Салық әмиянын толтыру арқылы балама салық төлеу мүмкіндігі бар. Салық әмиянынан ақша декларацияларды, есептеулерді, уәкілетті органдардан ақпаратты ұсыну кезінде салық міндеттемелері туындаған тиісті салықтарға автоматты түрде қосылады. Салық әмияндарын толтыру келесі мәліметтерге автоматты түрде жасалады:
Барлық жасалған операциялар тарихын «Төлемдер мен салымдар тарихы» қойындысынан тексеруге болады. Салық әмиянынан қайтару қолданыстағы заңнамаға сәйкес egov.kz немесе «Салық төлеушінің кобинеті» web-қосымша арқылы ұсынылған салық төлеушілердің салық өтініші негізінде жүзеге асырылады.
— 20.09.2019 жылдан мобильді нұсқасында, 16.07.2019 жылдан (eGov.kz) «электрондық Үкімет» порталында, 09.09.2019 жылдан «Kaspi bank» (Кaspi.kz) АҚ, 18.11.2019 жылдан (Homebank) «Қазақстан халық банкі» АҚ);
Салық әмиянының қызметі тек салық төлемдері үшін қарыздарды және алдағы төлемдерді автоматты түрде өтеуге арналғанын ескертеміз. eSalyq қосымшасындағы әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті төлеу «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектер туралы ақпарат» қызметінде жүзеге асырылады.
Келес ауданы бойынша МКБ
жетекші маманы Т.Аманбаева