«Адал» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігінің президенті Артық Сейтқалиева азық-түлік ритейлерлерінің айла-шарғылары туралы егжей-тегжейлі баяндап, өз құқықтарын қорғап, алданып қалмаудың жолдарын көрсетті
1. Бір-біріне желімделген тауарлардан түсетін пайда аз
— Әдетте, әрбір азық-түліктің өз сақтау мерзімі бар. Бұл мерзім соңына жақындап, тауар сатылмаған кезде ритейлерлер қулық жасай бастайды. Мысалы, бұндай өнімді оған ұқсас, бірақ жарамдылық мерзімі өтпеген өніммен бір бумаға орап, жаппай сатылым акциясын ұйымдастырады!
Заттаңбадан барлық кезде бірдей жарамдылық мерзімінің өткенін көре алмайсыз. Мәселен, сүт 300 теңге тұрса, жарамдылық мерзімі өтуге жақындаған екінші сүтті 200 теңгеден сатады. Сонда жалпы бағасы 600 теңге тұратын екі пакет сүтті, 500 теңгеге алуға болады. Бірақ көп жағдайда тұтынушы жарамдылық мерзімі өтіп бара жатқан өнімді тұтынып үлгере алмайды. Сол себепті мұндай үнемдеудің пайдасы аз болады, — дейді сарапшы.
Арзан ірімшік тек «қақпанда» ғана болады
Супермаркеттерде ірімшіктерді 50% жеңілдікпен сатылып жатқанын көруге болады. Бірақ оларды сатып алуға асығудың қажеті жоқ. Сейтқалиеваның айтуынша, олар мерзімі өтіп бара жатқан ірімшіктің көгерген жерін алып тастап, жеңілдікпен сатады.
— Бүлінген өнім ғана көгеріп кетеді! Бірақ дүкендерде мұндай тауарларды пленкаға орап, жаңа күнді желімдейді. Бұндай ірімшікті сатып алғаннан кейін сіз оның көгере бастағанын байқайтыныңыз сөзсіз. Нәтижесінде сіз ақшаны желге ұшырасыз. Сондай-ақ мынаны есте сақтағаныңыз жөн:
азық-түлікті қайтару өте қиын. Сізге өзіңіз өнімді дұрыс сақтамағансыз деп жауап беруі
немесе әдейі жылы жерге қойып, ірімшік көгеріп кеткен шығар деп жазғыруы мүмкін. Сондықтан осы тектес акцияларға сақтықпен қарау керек.
Дегенмен, импорттық тауарларды, соның ішінде ірімшіктерді сататын кейбір дүкендер де акция өткізеді. Бірақ олар өнімнің жарамдылық мерзімі өтуге бір апта қалды деп рас ақпаратты көрсетеді. Акциямен сатылатын тауарға арналған бұрыштар да бар. Бұл өнімді сатудың адал жолы — дейді Сейткалиева.
3. Мерзімін өзгерту
Тауардың жарамдылық мерзімін жаңадан басып, сатып алушыны алдауға болады. Әдетте, оны жасау оңай. Егер жарамдылық мерзімі таңбалы жолмен жазылған болса, оны спиртпен өшіріп, жаңа мерзімді жазып қоюға болады.
— Темір банкалардағы консервілердің мерзімін жаңарту өте оңай, кейде өндірушінің өзі осындай қулықтарға барады
Сондықтан жарамдылық мерзімі қағазға басылған банкаларды емес, ойылып жазылғандарды таңдау керек, — деп ұсынады сарапшы.
4. Сөреде бір баға, кассада басқа баға
Әр тұтынушы өмірінде бір рет болсын сөредегі бағамен салыстырғанда кассаға келгенде өнімді басқа, әлдеқайда қымбатырақ бағамен есептеген жағдайға тап болған шығар. Кейде тауар үлкен ацкиялық бағасы бар сөреде тұрса да, оны басқа бағамен есептейді.
Ал неліктен бұлай болды деген сұраққа: «Кешіріңіз, бұл акция аяқталды, біз оны сөреден алып үлгермедік деп жауап береді.
Бір өнімде басқа тауардың бағасын көрсетіп қоятын жағдайдар да жиі кездеседі. Артық Сейткалиеваның айтуынша, екі жағдайда да
сатып алушы тауарды сөреде көрсетілген бағамен сатуға міндетті. Бұл туралы «Тұтынушылардың құқытарын қорғау туралы» Заңның 31 бабында айтылады.
— Бірақ әділдік орнату қиынға соғады. Егер супермаркет көрсетілген бағамен сатудан бас тартса, сотқа жүгінуге болады. Бірақ оған көп уақыт кететіндіктен, ешкім оған бас қатырғысы келмейді.
5. Касссада тауардың бағасын айтпайды
Тұтынушылардың көбі кассада берілген чекке қарап, бағалардың дұрыстығын тексере бермейді. Ал оны міндетті түрде тексеру керек, себебі
кассирлер артық тауарды да есептеп жіберуі мүмкін,
— деп ескертеді «Адал» қоғамдық бірлестігінің президенті.
Касадан тауарадың бағасын білу мүмкін емес, себебі кассирлер техникалық тұрғыдан ондай мүмкіндіктерінің жоқ екенін айтады.
Бірақ, Сейтқалиева тұтынушылардың өтінішімен кассирлер тауардың бағасын біліп беруге міндетті дейді. Егер кассирдің қолынан келмесе, дүкен әкімшісін шақыру керек.
6. Сатып алушыларды өздерінің «қателіктерін» жабу үшін пайдаланады
Ешкім жағымсыз жағдайларды алдын ала болжай алмайды. Кейде сатып алушы абайсызда әйнек ыдыстағы тауарды құлатып, сындырып алуы мүмкін. Ол бұл жағдайда шығынның орнын толтыруы керек пе деген сұрақ туындайды.
— Сатып алушы тауарды абайсызда құлатып алғанын немесе оны дұрыс орынға қойылмағанын дәлелдеуі керек. Бұл үшін бейне бақылау камерасынан видеоларды сұратып, тексеру керек. Кейде дүкен иелері кінәлі болады.
Дүкен иесі сынған тауар үшін ақша төлеуін талап етсе, ал сатып алушы өзінің кінәлі емес екеніне сенімді болса ол полиция шақыра алады
Бұл жағдайда тәуелсіз сараптама өткізіп, сот тәртібінде өзінің пікірін дәлелдеу керек. Әрине мұның бәрі өте күрделі процесс. Сатып алушы сынған әйнек 2000 теңге тұрады, ал сотқа жүгінсең қаншама күш жұмсап, жүйкеңді бір миллионға тоздырасың деп ойлайды. Ал сатушының қалағаны да осы.
Біз Еуропада жүрген жоқпыз…
— Мен шетелге жиі шыққандықтан көп нәрсені салыстыра аламын. Еуропада сату әрекетері мүлдем басқа. Біздің ритейлерлерге қарағанда, онда сатып алушыға бірнәрсені «іліп қоюға» тырыспайды. Сондай-ақ еуропалық мемлекеттерде құқықтық норма жолға қойылған:
ритейлер адал ойын ойнамаса, лицензиясынан айырылуы да мүмкін немесе жеткізушілер онымен жұмыс істеуден бас тартады
Біздің сана-сезіміміз еуропалық деңгейге дейін жеткен жоқ. Біздің кәсіпкерлеріміз клиентке бағытталғандық туралы қанша айтқанмен, іске келгенде тұтынушылардың жағдайын түсінуге тырыспайды да. Бұл жағдайды түзету тек тұтынушылардың өз қолында, — деп қортындылады Артық Сейткалиева.
365info.kz