Қасым-Жомарт Тоқаев: Карантин — індеттің таралуына қарсы күрестегі маңызды құрал

964
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
«Баршаңызды аман-есен көргеніме қуаныштымын. Бүгінде әлемде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Пандемия көптеген елдің қоғамдық, экономикалық өмірін тоқырауға ұшыратты.
Үкімет пандемия кезеңінде шет елдерде қалып қойған Қазақстан азаматтарына қамқорлық көрсетті. Чартерлік ұшақтармен және басқа да көлік түрлерімен елімізге 7 мыңнан аса отандасымыз оралды.
Елімізде коронавирус індетінің таралуы шарықтау шегіне жетпегенін ескере отырып, Төтенше жағдай режимін және карантин шараларын сақтау сәуірдің аяғына дейін созылды. Аталған шаралар індеттің таралуына қарсы күресте және ел экономикасын тұрақтандыруда маңызды құрал болмақ»,-деді Мемлекет басшысы жиын барысында сөйлеген сөзінде.