Жіберілген чек үшін ұялы телефон баланысын толтыруға болады

937
Әрбір сатып алу кезінде чек талап ет
Өз еліңнің патриоты бол!
Бәйдібек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен жыл сайынғы «Түбіртекті талап ет-жүлде ұтып ал!» акциясы іске қосылғанын назарларыңызға ұсынады.
Оның мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру және кәсіпкер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.
Әрбір тұтынушы сатып алған тауар (жұмыстар және қызметтер) үшін чекті мобилді қосымша (Wipon тегін қосымшасы) арқылы жібере алады және күн сайын ұялы телефон теңгеріміне ақша қаражатын ұтып алу мүмкіндігіне ие.
Сондай-ақ БКМ фискалдық чектерді берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, онда факт расталған кейін телефон теңгерімі толықтырылады.
Акция 2020 жылы 13 мамырынан басталып, жылдың соңына дейін жалғасады.
Барлық тұрғындарды акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.
Жіберілген чек үшін ұялы телефон баланысын толтыруға болады
Бәйдібек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2020 жылғы 12 мамырдан бастап БКМ фискалдық чегін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Қоғамдық бақылау-түбіртекті талап ет» акциясы қайта басталғаны туралы хабарлайды. «Қоғамдық бақылау-түбіртекті талап ет» акциясына кез-келген адам қатыса алады. Барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органдары қарайтын болады.
Фискалдық чек берілмегені туралы фактілерді Ap Store немесе Pley market-тен тегін «Wipon» мобилді қосымшасын жүктеп алу арқылы хабарлауға болады және фискалды чекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефонның теңгеріміне (1000 теңге) сыйақы алуға болады.
Қазақстан республикасының барлық азаматтарын өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге, заңды бұзуға мүлдем төзбеушілік танытуға және «Қоғамдық бақылау-түбіртекті талап ет» акциясына белсенді түрде қатысуға шақырамыз!
Тел.:2-18-05, 2-12-61
WhatsApp: 8 775 730 74 04 8 775 365 54 34