Трагедияға толы өмір. Мәсімовпен кездескен: Сіз кімсіз Байден мырза?

746

АҚШ президенттігіне үміткер, Дональд Трамптың басты қарсыласы, мемлекеттің 46-шы президенті атануы мүмкін 78 жастағы Джо Байден жайлы не білеміз? Саясаткер мансабын қалай бастады? Осы және өзге де деректерді Stan.kz тілшісі ұсынады. 

«Үйдің үлкені, кекеш бала»: Байден өмірбаяны

Джозеф Робинетт Байден Пенсильвания штаты Скрантон қаласында 1942 жылы дүниеге келген. Ол — отбасында төрт баланың үлкені. Байденнің ата-анасы — америкалық-ирландтық католиктер. 

Байденнің әкесі кәсібі күйреген кәсіпкер болған. Алайда банкроттыққа ұшыраса да, ол автокөлік сатумен айналысатын табысты сатушыға айналған. 

Байденді мектеп кезінде кекештенгені үшін мазақтаған көрінеді. Осылайша, жас бала айнаның алдында өлең шумақтарын айтып жаттыққан. 

Білімі мен мансап жолы

Байден бірінші жоғары білімін тарих және политология бағытында алған. Содан кейін Нью-Йорк штатында Сиракузск университетінде құқықтану мамандығын меңгерген. Оқу аяқталған соң Байден мансабын құқытанушы болып бастайды.

1972 жылы демократ Джо Байден 30 жасында Делавэр штатының сенторы болып сайланады. Сенатқа қабылдану марапатынан бірнеше ай бұрын автокөлік апатынан оның әйелі мен бір жастағы қызы қайтыс болады. Хантер, Бо есімді ұлдары ауыр жарақатпен ауруханаға түседі.

1987 жылы ол алғаш рет президенттік сайлауға қатысу үшін өзін ұсынды. Алайда осы жолы сөйлеген сөзі плагиат деп айыпталған ол, өз кандидатурасын қайтарып ал5fy. Айыптауларға сәйкес, ол Нил Кинноктың сөзін сөзбе-сөз айтып берген.

АҚШ президенттігіне сайлау

Алғаш рет Джо Байденнің АҚШ президенті лауазымына ұсынылатыны жайлы сыбыстар 2008 жылы айтыла бастады. Джо өзінің демократиялық кандидатурасын ұсыну үшін күрескісі келді, бірақ 2009 жылдың басында ол праймеризден шығып кетті.

Нәтижесінде Барак Обама демократиялық кандидат болды, ол өзінің сайлау науқаны кезінде Джо Байденге вице-президент қызметін ұсынды.

Обама сайлауда жеңіске жеткенде, Байден тағы бір рет Делавэрден сенатор болып сайланды, бірақ инаугурациядан бес күн бұрын қызметінен кетті. 

Дональд Трамп билікке келгеннен кейін Джо Байденді Майк Пенс алмастырды, ал Байденнің өзі уақытша оқытушылық қызметпен айналысып кетті,  ол Пенсильвания Университетінің студенттеріне Халықаралық дипломатияны дәрісін жүргізді.

2019 жылы Байден президент сайлауында демократтарды ұсынуға үміткерлердің қатарына кірді. Ол бұл туралы сол жылдың сәуір айының соңында жариялады, ол демократтардан кандидатурасын ұсынған 20-шы саясаткер болды.

Бастапқыда ол өзінің рейтингтерін ескере отырып, партиялық күресте озық болмаса да, Байден дегеніне 2020 жылдың тамызында жетеді: Милуокидегі Демпартияның жалпыхалықтық съезінде Джо Байденді кандидат етіп бекітеді.

Барак Обама президенттігі тұсында Джо Байденді Еркіндік медалімен, АҚШ азаматтары үшін жоғарғы сыйымен марапаттады. 
Сондай-ақ, Обама «Байденді тану — жасандылықсыз шынайы махаббаттың не екенін түсінумен тең» деген болатын.

Трагедияға толы өмір

Джо Байден екі некеде болған. Бірінші әйелі Нелия Хантермен некесінде екі ұлы мен бір қызы туған. Ол Нелиямен университетте оқып жүргенде танысқан. 1973 жылы әйелі көлік апатынан көз жұмған. Осы апатта Байденнің қызы да мерт болады. 

Екі бірдей жақын жанынан айырылған саясаткерге мансап жолына сәтті оралу үшін 14 жыл қажет болған.

Саясаткердің екінші әйелі Джилл Трейсимен ол 1975 жылы танысқан. Ол мектеп мұғалімі болған. Араға екі жыл салып, олар үйленген. Екінші әйелі күйеуіне Эшли Блейзер есімді қыз туды. 

Байденнің ұлы Бо Делавэр штатының Бас прокуроры және Иракта қызмет еткен әскери судья қызметінде болды. Өкінішке қарай, 2015 жылдың мамыр айының соңында ми қатерлі ісігінен дүниеден өтеді. 

Джо Байден мен оның ұлы Хантер қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев пен Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездескен. Бұл фото алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтың веб-сайтында 2019 жылы активтерді қайтару жөніндегі қазақстандық бастама деген атпен жарияланды, алайда тәуелсіз тексеруден өтпеді.

Кіші ұлы Хантер — Вашингтонда адвокат және лоббист. Жалғыз қызы Эшли — әлеуметтік қызметкер және Делавэрдегі балалар, жастар және олардың отбасылары бөлімінің қызметкері.

Айта кетейік, 3 қарашадан бастап АҚШ-та президент сайлауы өтті, мемлекет басшысы лауазымына республикашыл Дональд Трамп пен демократ Джо Байден қатысты. Қазіргі таңда Байден жеңіске қажетті 270 дауысты жинаған. 14 желтоқсан күні сайлаушылар коллегиясы АҚШ президенті таңдайтын болады.