«Бұл саясат халықтың өмір сүру деңгейін арттыруы керек»: Тоқаев Маминге шұғыл тапсырма берді

290
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. 
Мемлекет басшысына Үкіметтің әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша қабылдаған шаралары  және бұрынырақ берілген тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды.
Қазақстан Президенті Премьер-Министрге шұғыл түрде Үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды.
«Бұл саясат халықтың өмір сүру деңгейін арттыру тұрғысынан тиімді болуы керек. Сондықтан, ол нақты мұқтаж жандарға ғана бағытталуы шарт», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. Ол туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттер әлеуметтік желісінде де жариялады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз