17 нокауты бар «Құбыжық» P4P рейтингінде «Канелодан» көшбасшылықты алып қойды

883

Бокс рейтингі бойынша трансляциялық кеңес сайты (TBRB) әлемдегі ең мықты pound for pound боксшылардың жаңартылған тізімін жариялады,-деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, «Құбыжық» лақап атты жапониялық Наоя Иноуэ (20-0 (KO) рейтингте бірінші болды, бұл орыннан ол Сауль «Канело» Альваресті (53-1-2, 36 КО) ысырып тастады — мексикалық енді екінші. Ең мықтылар үштігінде америкалық Теренс Кроуфорд (36-0, 27 КО). Ал қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) алтыншы орында қалды:

1. Наоя Иноуэ
2. Сауль «Канело» Альварес
3. Теренс Кроуфорд
4. Александр Усик
5. Тайсон Фьюри
6. Геннадий Головкин
7. Теофимо Лопес
8. Хуан Франсиско Эстрада
9. Эррол Спенс-младший
10. Василий Ломаченко

Айта кетейік, Иноуэ кейінгі рет 31 қазан Лас-Вегаста жұдырықтасып, жетінші раундта аустралиялық Джейсон Молониді нокаутқа түсірген. Осы арқылы өте жеңіл салмақта WBA, IBF және The Ring журналының белбеулерін қорғап қалды.