Сот пирамидаларды бұзуға үкім шығарды

1024

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент тұрғыны Бералы Артықалиев пирамидаларды тұрғызуға Мұхаммед пайғамбардың өзі аян бергенін айтады. Екі жыл бойы ол демеушілер мен жақтастарын табуға тырысқан, алайда кейінге қалдыра берген жоспарын өз күшімен бастап кеткен.

Ер адам пирамидалар коронавирус мен жайсыз жағдайлардан қорғайды деп сендірді. Алайда, сот оның сөзіне сенбей, әрекетін заңсыз деп бағалады және айыппұл тақты.

«Сот материалдарын толық зерделей келе азаматтың заңсыз 4 пирамида салғаны дәлелденді. Ер адам оларды бұзып, 15 АЕК көлемінде, нақты айтсақ, 41670 теңге айыппұл төлеуге болады», — деді

Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Сондықтан, Бералы Артықалиев аппелияциялық шағым түсіре алады.

Бұған дейін профессор пирамидаларды былтырғы жылдың шілде айынан бастап орната бастағанын айтты.