Президенттің тыйым салғанына қарамастан елордада жеңіс шеруі өтті

1193

Ондаған адам мінген жүк көліктері  «Берлинге!» деген жазуы бар баннерді  салтанатпен алып жүрді. Мерекелік концерт ел астанасы –   Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің қолдауымен өтті.

Бұл туралы Orda.kz.  хабарлайды.

Таңертеңгі сағат 11-де концерттік жабдықтары мен сахнасы бар автокөлік қала астана даңғылдары  бойымен мерекелік шеруге шықты.

Ұйымдастырушылар концерттік бағдарламаның басты ерекшелігі  — Сүндет Байғожин, Сүлеймен Ибрагимов, Ринат Малцагов, Айнұр Абдиева, Дәурен Оразбеков, Moon-Ai дуэті және басқа да танымал орындаушыларының «соғыс жылдарындағы музыкалық шығармаларды жанды дауыста орындауы» деп мәлімдеді.

Сол жылдардағы атмосфераны көрсететін қойылымда  ретро-көліктердің тізбегі  қала тұрғындары мен қонақтары үшін тосын сый болды. Әлеуметтік желілерде тұрғындар шеру туралы: «маска киген бірде-бір адамды көрмедік, санитарлық нормалардың өрескел бұзылғандығын  айтпағанның өзінде, жолаушыларды тасымалдаудың барлық ережелерін сақталмаған» деп жазды.

Әкімдік «концерт барлық санитарлық стандарттарға сәйкес өтеді, көрермендердің жаппай жиналуына жол берілмейді, әлеуметтік арақашықтық сақталады және концертке қатысатын әртістердің барлығы ПТР сараптамасынан өтті» деп жариялаған болатын.

Президенттің тыйым салғанына қарамастан елордада жеңіс шеруі өтті

Жақында Президент елдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жеңіс күніне арналған барлық мерекелік шаралардан бас тарту туралы шешім қабылдады.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли дәстүрлі мерекелерді келесі жылға «қалдыру» туралы шешім қабылдағанын жариялады.

Ол Мемлекет басшысы жеңіс күні ел тұрғындарын құттықтайтынын және барлық Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілетіндігін атап өткен болатын.