СТЕНДТІК АТУДАН V ЖАСТАР ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

1390
Шымкент қаласында стендтік атудан ҚР V Жастар ойындарының ашылуы салтанаты өтті. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жарыстың ашылу салтанатында кешенді жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі, деп хабарлайды Ardak.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2021 жылғы 26 сәуір – 03 мамыр аралығында «SHYMKENT SHOOTING PLAZA» ату кешенінде Стенд атудан V Жастар спорттық ойындарын өткізу жоспарланған. Сайысқа Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, Алматы, Қызылорда облыстарынан, жалпы 100-ге жуық жас спортшы бақ сынауда.
Осы кешенді жарыс аясында стенд ату спортын танымал ету, спорттық резервтердің оқу-жаттығу процесстері дайындығы сапасын тексеру, келешекте үміт күттіруші жас спортшыларды республиканың құрама командасына іріктеу жүргізу мақсат етілген.
Жарысты ұйымдастырушылар — Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитеті, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы және «Спорттық ату түрлерінен Қазақстан Федерациясы» ҚБ.