ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ САУАТЫН АРТТЫРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

811

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бірлесе отырып теолог маман «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыпта «ZOOM» видео — байланыс ақпараттық жүйесі арқылы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіп орны студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуде қаладағы дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жастардың бойындағы діни сауаттылықты арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.