Шымкент: Полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша сабақ өтті

904
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау аса жауапты мәселе болғандықтан, Еңбекші АПБ Ювеналды полиция қызметкерлері үнемі ауқымы кең профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырып тұрады.
Мектеп инспекторларының қызметі тәрбие берудің бір көрінісі ретінде қалыптасып келеді. Әсіресе, жеткіншектердің бұралаң жолдың қалтарысынан қорғау басты назарға алынған.
2021 жылдың 28-қазанында Еңбекші АПБ Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Берік Бекбаев қаладағы №46 лицей мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Онда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу туралы сабақ өткізді. Түрлі көрнекі құралдармен оқушылардың дәріске деген қызығушылығын арттырып, балалардың белсенді қатысуын қадағалады. Бұл сабақтардың негізгі мақсаты – балалардың қатысуымен болатын құқықбұзушылықтың алдын алу.
Іс-шара барысында мектеп инспекторы оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікті ұстануға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы да толығырақ хабардар етілді.