«АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ

1658

«Алғашқы бос жұмыс орны » жобасы — жұмыс іздеп жүрген түлектер мен 29 жастан аспаған жұмыссыздар, оның шінде жұмыс тәжірибесі жоқ жастар үшін жүзеге асырылады.

Жұмыс беруші тұрақты жұмыс орынға 24 айдан кем емес мерзімге жұмысқа орналастырады.

Өтінішті тұрғылықты мекенжайы бойынша жұмыспен қамту орталықтарына өткізу қажет.

Қандай құжаттар қажет:

  • жеке куәлік
  • еңбек өтілін растайтын құжат
  • білімі туралы дипломының көшірмесі
  • арнайы білімін немесе кәсіптік дайындығын растайтын құжат

Алғашқы 12 ай бойы мемлекеттен 20 ААЕК (58340 тг) көлемінде ай сайынғы жалақы төленеді. Тәжірибе уақытында қатысушыға кәсіптік білімі мен еңбек өтілін беру үшін тәжірибесі бар жетекші бекітіледі.

Ал, толығырақ ақпарат алу үшін қалалық «Жастар ресурстық орталығының» әлеуметтік желілерінің парақшаларынан немесе мына телефон арқылы алуға болады — 87074757612.