«ӨЗ ҮЙІМ» ЯҒНИ «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӨНІНДЕ БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ

898

Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» мамандары дайындаған «Жастардан жастарға — ақпараттық керуен» жобасының бүгінгі тақырыбы — «Өз үйім» яғни » 7-20-25″ бағдарламасы.

«Өз үйім» бағдарламасы — «Отбасы банкінің» жеке бағдарламасы. Ол банк салымшыларына бірегей шарттармен жаңа үйлерден пәтер сатып алуға мүмкіндік береді. Ең төменгі бастапқы жарна үй құнының 20 пайызы. Жылдық 7 пайыздан, кейінгі мөлшерлеме 3,5 пайызға дейін төмендейді. Зайым сомасы 90 млн. теңгеге дейін болады. Бағлар нарықтағы үй құнынан төмен. Салымшының атында  басқа үйдің бар-жоқтығы және қанша үй сатып алайын деп жатқаны маңызды емес. Бағдарламаға қатысуышлар салық жеңілдігін ала алады. Құрылыс барысында-ақ үлестік қатысу арқылы үй сатып алуға олады. Салынып жатқан нысаннан пәтер таңдау мүмкіндігі қарастырылған. Үй сатып алынатын жерде тіркеуде тұру міндетті емес.

бағдарламаның шарттары мынадай:

«Өз үйім» бағдарламасына қатысу туралы өтініш берген сәтте шттарында кем дегенде 500 мың теңгенің басын құраған, банктің бар салымшысы бұл бағдарламаға қатыса алады. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме зайым түріне және өтініш берген қатысушының төлем қабілеттілігін анықтау сәтіндегі оның банктегі  шотына қандай көлемдегі қаражат жинақтағаына байланысты анықталады. Зайым мерзімі таңдалып алған зайым түріне байланыцсты 6 айдан 25 жылға дейін.

Ал, толығырақ ақпарат алу үшін қалалық «Жастар ресурстық орталығының» әлеуметтік желілерінің парақшаларынан немесе мына телефон арқылы алуға болады — 87074757612.

 

«ӨЗ ҮЙІМ» ЯҒНИ «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ🗓

Қайырлы күн құрметті оқырмандар! 👋

🔷️Бүгін сіздерге «Жастардан жастарға — ақпараттық керуен» жобасының аясында, «Өз үйім» яғни » 7-20-25″ бағдарламасын назарларыңызға ұсынамыз!