«ЖАҢА ӨМІР» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

801
Шымкент қаласында 30 тамыз —Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен «Жаңа өмір» жобасы аясында өткен турнирге жалпы 10 команда қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша салтанатына марапаттауға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы Мұратжан Шотанов пен қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының Бауыржан Тұманбаев қатысып, жастарға сәттілік тіледі.
Турнирде жеңімпаз және жүлдегер атанған командаларға қаржылай сыйлықтар мен арнайы дипломдар табыс етілді. Сонымен қатар әртүрлі аталымдар бойынша үздік атанған ойыншылар да марапатталды.
«Жаңа өмір» жобасы аясында «Отбасы банк», кәсіпкерлер палатасы, жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері 500 жасқа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, олардың әлеуметтеніп, өмірден өз орнын табуына бағыт-бағдар берді.
Айта кетейік, адамдардың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты. Бұл ретте спорттың да алатын орыны ерекше. Осыған байланысты Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған біраз жобалар іске асып келеді. Солардың бірі жақында «Fitness park kz» жобасы іске қосылды.
Жоба аясында спорттың барлық түрі қамтылған. Бір жақсысы оған тегін қатысып, түрлі жаттығулармен айналысуға болады. Аталмыш жоба қазан айының соңына дейін жалғасады.
Спорттық жобаны өткізуге — Металлург, Орталық, Жеңіс және дедросаябағы таңдалынып алынды. Жаттығуды білікті нұсқаушылар мен жаттықтырушылар жүргізеді. Жастарға қолайлы болу үшін барлық жағдай қарастырылған.