22 ақпанда Астана қаласында «Қайрат» футбол клубы «Ақтөбе» клубын 2:0 есебімен жеңіп, Қазақстан суперкубогының 2025 жылғы иегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ойынның екінші таймында «Қайрат» ойыншысы Еркін Тапалов алаңнан қуылып, команда 10 ойыншымен мачты жалғастырды. Алғашқы таймда командалар голмен ерекшеленбеді.
Ал екінші таймда «Қайрат» қарсылас команда қақпасына шабуыл үдетіп, 58-минутта бразилиялық Элдер Сантана есеп ашты. Ал Валерий Громыко есепті еселеді.
Осылайша «Қайрат» өз тарихында үшінші рет суперкубокты жеңіп, 40 миллион теңге иеленді.