Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналармен жиын өтті

964
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасы Ювеналды полиция қызметкерлері үнемі кең ауқымды профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырып тұрады.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасының Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция майоры Құрамысов.Н қаладағы №10 колледж студенттері мен олардың ата-аналары арасында «Қылмыссыз жарқын болашақ» тақырыбында іс-шара өткізді. Қиын балалардың пайда болу себептерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп, жайсыз отбасыларды анықтау мақсатында колледждегі құқықбұзушылыққа бейім балалардың үйлерін аралап, әлеуметтік жағдайларымен танысу мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізіліп жатқандығын сөз етті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты –жасөспірімдердің қатысуымен болатын құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Іс-шара барысында полиция инспекторы студенттерді тәртіпті болуға, адамгершілікті ұстануға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы айтылды.