АҚШ Қытай экономикасына қарсы жаңа санкциялар енгізді

1249

Жаңа санкциялар Қытайдың сегіз технологиялық компаниясына қарсы бағытталған

АҚШ Қаржы министрлігі Қытайдың сегіз технологиялық компаниясына қарсы жаңа санкциялар енгізді, деп хабарлайды Lenta.ru.

Американдық биліктің пікірінше, шектеу шараларына ҚХР Үкіметіне «Қытайдағы этникалық және діни азшылықтарды», атап айтқанда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы (ШҰАА) ұйғырларды биометриялық технологияларды қолдана отырып бақылауға көмектесетін заңды тұлғалар ілінді. АҚШ азаматтарына санкциялар тізіміне енген компаниялардың бағалы қағаздарын сатуға және сатып алуға тыйым салынады. Мұндай ұйымдардың арасында қытайлық DJI Technology ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіруші компания да бар.

Бұған дейін АҚШ Конгресінде ҚХР-дағы ұйғырлардың мәжбүрлі еңбегінің алдын алу туралы заң жобасы мақұлданғаны хабарланған болатын. Заң жобасына сәйкес, АҚШ ШҰАА-дан тауарлар импортына шектеулер енгізуге, сондай-ақ аймақтағы адам құқықтарын бұзғаны үшін жауапты жеке және заңды тұлғаларға санкциялар салуға ниетті.