ЖАСТАРҒА БАСПАНА ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОЛЖЕТІМДІ?

690

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тіркелген және үймен қамтылған жастар, яғни жалпы кезектегілер саны – 9023. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің ірі қалаларындағы жұмысшы жастарды пәтермен қамтамасыз ету тапсырмасы бойынша бүгінге дейін шаһарда мыңнан аса пәтер берілді. Баспанамен қамту жұмысы жалғасуда. Екінші деңгейлі банктер мен «Отбасы» банкі кеңінен насихатталуда. Мемлекеттік бағдарламалар осы банктер арқылы жүзеге асырылады.