Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері үстіміздегі жылдың 17-30 маусымы аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел — профилактикалық шарасын өткізуде.
Мегаполистің Абай ауданының тәртіп сақшылары 61 азаматтың әкімшілік құқық бұзушылықтарын анықтады. Тәртіп бұзушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің №132 бабының 1 бөлігі, №445 баптың 1және 2-ші бөліктері бойынша жауапкершілікке тартылды. Ол баптарда кәмелетке толмағандардың ересек заңда өкілдерінсіз көңіл көтеру нысандарында түнгі мезгілде болуы, сол сияқты кәмелет жасына толмағандардың сондай орындарда заңды өкілдерінсіз түнгі сағат 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін болуы, сол сияқты кәмелетке толмағандардың үйінен тыс жерлерде түнгі 23.00-ден таңғы а-6-ға дейін ересек заңды өкілдерінсіз жүруі сияқты заңбұзушылықтар үшін жаза белгіленген. Әкімшілік жаза көрілгендердің 55-і түн ортасынан кейін көше кезіп, үйінен тыс жерлерде жүрген жасөспірімдер. Бұл ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына деген бақылаудың жеткіліксіздігін не мүлде жоқтығын көрсетеді.
Сондықтан да, құқық қорғаушылар осы арнайы іс-шара барысында түнгі көшелер мен жасөспірімдер көп жиналатын орындарды тексеріп, қадағалаумен қатар полиция органдарында есепте тұратын, бұзықтығымен көзге түскен кәмелет жасына толмағандардың үйлеріне барып, отбасыларында болып, ата-аналарымен, жасөспірімдермен жолығып, әңгіме өткізеді.