Өзбек хокимдерінің айлығы қазақ әкімдерінен он есе аз

1111
Өзбекстанның министрлері, хокимдері мен депутаттарының еңбекақысы қанша? 
Өзбекстанның қаржы министрлігі өз тарихында бірінші рет мемлекеттік қызметкрелердің айлығын жариялады. Бұл туралы Жас Алаш kaktakto.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның хабарлауынша, барлық мемлекеттік қызметкрелер бірыңғай тариф бойынша еңбекақыларын алады. Ең жоғарғы айлық премьер-министрдікі екен. 2 млн, 075 мың 955 сом. (247$) Ең аз айлық сенат спикеріне тиесілі. 1 млн. 560 мың 413 сом (185$)
Өзбекстанның сайлау институттары дамып кеткен деп айта алмаспыз. Алайда, айлығы жағынан халық өкілдері делінетін сенат спикері өзбек бұқарасына жақын екен. Теңгеге шаққанда Өзбекстанның Сенат спикері айына 70 мың теңге алады.
Министрлері болса 1 млн. 727 мың 665 сом айлық алайды екен (205$). Қала хокимдері 1 млн. 643 мың 329 сом (195$) алса, облыс басшыларының еңбекақысы 1 млн. 899 мың 783 сом. АҚШ валютасына шаққанда 220 доллар ғана.
Қазақстанда да шенеуніктердің жалақылары БАҚ-да жарияланып жатады. Мәселен, Атырау облысыынң әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ айлығы 742 мың болса, Ақмола облысының әкімі Мәлік МЫРЗАЛИННІҢ ай сайынғы табысы 786 мың теңге. Қазақстандағы ең жас облыс басшысы Алтай КӨЛГІНОВ ай сайын 761 мың теңге алады. Бұл ақпараттар ашық дереккөздерінен алынып отыр. Сонда біздің облыс басшыларының айлығы АҚШ долларына шаққанда екі мыңнан асып тұр.