Терроризм және жаппай тәртіпсіздік бойынша 464 адам ұсталды — Бас прокуратура

1026

Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов бүгінде елдегі тәртіпсіздіктер бойынша 819 қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгінгі таңда тергеу-жедел тобы 819 қылмыстық істі тергеп жатыр. Оның ішінде: 45 — терроризм, 36 — жаппай тәртіпсіздік және 15 — адам өлтіру. Сондай-ақ, тонау, ұрлық, қару ұрлау, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және басқаларға қатысты күш қолдану деректері бойынша тергеледі. Осы істер бойынша 970 күдікті ұсталды. Оның ішінде: 782 санкция бойынша қамауға алынды. 29 адамға үйқамақ тағайындалды», — деді ол.

Оның сөзінше, адамдардың көбі терроризм және жаппай тәртіпсіздік істері бойынша тұтқындалған.

«Бұл 464 адам. Ұрлық деректері бойынша 220 адам, қаруды заңсыз алып жүргені және сақтағаны үшін 60 адам ұсталды. Қару ұрлағаны үшін 39 адам, 25 бұзақылық, 21 тонау. Басқа тергеу және қылмыстық істер бойынша да ұсталғандар мен тұтқындар бар», — деді Елдос Қилымжанов.

Осы тұста Бас прокуратура өкілі бір қылмыстық іс аясында сыбайластық үшін бірнеше адам ұсталуы мүмкін екенін айтты. Бұл түпкілікті деректер емес екенін де ескертті. Олар тергеу барысына, ұстау негіздерін тексеру нәтижелеріне және соттардың қамауға алу туралы материалдарды қарау қорытындыларына байланысты.

«Атап айтқанда, соттар ұсталған 29 адамды қамауға алудан бас тартты. Прокурорлар күн сайын УҰИ, тергеу изоляторлары мен қабылдау-тарату орындарын тексереді. Біз уақытша ұстау изоляторларынан 96 адамды босаттық, себебі оларды ұстауға негіз боламады. Алматыдағы тергеу изоляторында тұтқындалғандардың арасында прокурорлар дене жарақатын алған 73 адамды анықтады. Олардың үшеуіне бұлтартпау шарасы өзгертілді, қазір бостандықта. Біздің нұсқауымыз бойынша 29 адам қалалық ауруханаларға жатқызылды. Қамауға алынған 41 адам дене жарақатының ауырлығын ескере отырып, тікелей изоляторда емделеді», — деп қосты ол.