ШЫМКЕНТ: Қала әкімі Қайнарбұлақ елдімекені тұрғындарымен кездесті

890

Қала әкімі кездесуде елді мекендерде әр салалық бағыт бойынша жұмыстарды баяндап, әрбір сауалға жеке-жеке жауап берді.

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен, Қайнарбұлақтағы №106 мектепте, аумақтағы инфрақұрылым жүйелері жұмыстарының барысы талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Тұрғын алапты инфрақұрылым жүйелерімен қамтуда түбегейлі және жүйелі жұмыстар жүргізу жоспарланған. 18 көшеде асфальт болса, 2022 жылы жаңа құрылыс аумағында (№125 ЖОМ аумағы) аты жоқ көшелерге бюджет есебінен асфальт төсеу жұмыстары инфрақұрылым жүйелерінің құрылысынан кейін жүргізілмек. 2023 те жаңақұрылыс аумағында аты жоқ 10 көшеге асфальт төсеу жоспарда бар. 2020 жылы Әбілда Бөлешов, «Степная», «Қайнарбұлақ тас жолы» көшелері жарықтандырылған. Биыл «Әбілда Бөлешов» көшесінің жалғасы, Таскешу елді мекеніне қарай жарықтандырылады. Елді мекеннің жаңақұрылыс аумағына (№83 мектеп жанына) «Кселл» компаниясының базалық станциясы орнатылды. Жеке инвестор тарапынан сапалы интернетпен қамту жұмыстары 2022 жылдың III тоқсанында аяқталады деп күтілуде. Елді мекенде бір мәдениет үйі жөндеуді қажет етсе, 5 спорт алаңша пайдалануға берілген. Қала әкімі кездесуде елді мекендерде әр салалық бағыт бойынша жұмыстарды баяндап, әрбір сауалға жеке-жеке жауап берді. Осындай кездесулердің халық қажеттілігін тиімді шешуде маңызды екенін атап өткен М. Әйтенов, өтініштер мен сауалдар бойынша аудан әкімі мен сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді.