Дариға Назарбаева: “Әкімдер өтірік цифрларды айтып, есеп береді”

978

Дариға Назарбаева елімізде жақсы көрсеткіштерге ұмтылу әкімдердің мәліметтерге көрсеткішті қосып жазуға мәжбүр етіп отырғанын айтты деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «dalanews.kz-ке» сілтеме жасап.

“Өйткені олардың орындығында “отыруы” осыған байланысты болуда. Ауыл шаруашылығының бәрі жеке меншікте әрі өнім өндірушілер де жеке адамдар болған, мұның бәрі — таңқаларлық жағдай.

Біз жоспарлы экономикадан бас тарттық. Ендеше әкімдіктер неге цифрларды ойдан шығаруға мәжбүр болып отыр?! Сондықтан әдіс-тәсілдерді өзгерту керек”, – деді Дариға Назарбаева.

Дариға Назарбаеваның пікірінше, бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттік сатып алу кезінде әжептәуір проблемалар туындайды.

“Бастапқы идея жақсы болды. Ол бюджет қаражатын жымқыруды қысқартуға, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге және мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру кезіндегі ашықтыққа бағытталған. Қағаз жүзінде бәрі жақсы болды. Заңдар да қабылданды, қаншама түзетулер енгізілді. Әйтсе де, осының бәрі жұмыс істемей отыр”, – деді Дариға Назарбаева.