ЖАСТАР АРДАГЕРЛЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫН БІЛІП ҚАЙТТЫ

803

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Әл-Фараби ауданы мамандарының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Игі істер» марафоны жобасы аясында «Жұмадағы жақсылық» акциясы өтті.

Қайырымдылық шараға «Самұрық-Қазына» АҚ демеушілік жасап қолдау көрсетті.

Акция барысында қаламыздағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері және тыл еңбек ардагерлеріне арнайы азық-түлік себеттері таратылды.