«Үй мен жер берілсін»: Шымкентте әкімнің келуін талап еткен жұрт тұтастай бір көшені жауып алды (видео)

1089
Шымкент қаласындағы «Бекжан» базары мен «Ақмешіт» алдындағы көшені Арыс тұрғындары жапты. Әскери қоймадағы жарылыстан кейін мешітті паналаған халық Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kzтілшісі. 
Бүгін, маусымның 27-сі күні, шамамен сағат 11 кезінде Арыс тұрғындары «Бекжан» базары мен «Ақмешіт» мешіті алдындағы көшені жапты. Олар Арыс қаласындағы жарылыстан кейін аталған мешітті уақытша паналап жатқан болатын.
Шымкент қалалық әкімдігінің шенеунігі наразы халықты мешітке қарай шақырғанымен, жұрт оған бағынудан бас тартты. Әкімнің келуін күтетінін, үй мен жер беруін сұрайтынын жан-жақтан айтты.
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өз кезегінде жұрттан жолды босатып, сабырға келуді сұрады. Ол баспана кезегінде тұрған 130 мың адамға Шымкенттен үй беру мүмкіндігі жоқ екенін айтты. Сондай-ақ, аталған аумақта полицейлер жұмыс істеп жатыр.
«Бұл жағдайдың Шымкент қаласына қатысы жоқ. Толығырақ Түркістан облысы әкімдігінен ақпарат алу қажет. Халықтың сол аумаққа жиналғаны, көшені жауып алғаны рас. Біз ешкімді ұстап әкетіп жатқан жоқпыз. Халық тарапынан да қандай да бір өрескел тәртіпсіздіктер болып жатқан жоқ. Шымкент қаласының полициясы бар болғаны қоғамдық тәртіпті сақтау және ешкімнің зиян шекпеуі мақсатында сол жерде жүр», — деді Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсел Фаденова.
Арыстықтар
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Төребек Байтасов өз кезегінде облыс әкімінің бұл жағдайдан хабардар екенін және халыққа қарай жолға шыққанын айтты.
«Жаңа ғана Шымкент қаласына келе жатыр деген хабар түсті. Дәл қазір ол жақта облыс әкімінің кеңесшісі, Арыстағы жағдайға байланысты жедел штаб басшысы Ұласбек Сәдібеков халықтың басы-қасында жүр. Әкімнің өзі де келеді», — деді баспасөз өкілі Төребек Байтасов.

View this post on Instagram

"Үй мен жер берілсін": Шымкентте әкімнің келуін талап еткен жұрт тұтастай бір көшені жауып алды Шымкент қаласындағы «Бекжан» базары мен «Ақмешіт» алдындағы көшені Арыс тұрғындары жапты. Әскери қоймадағы жарылыстан кейін мешітті паналаған халық Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етіп жатыр. Бүгін, маусымның 27-сі күні, шамамен сағат 11 кезінде Арыс тұрғындары «Бекжан» базары мен «Ақмешіт» мешіті алдындағы көшені жапты. Олар Арыс қаласындағы жарылыстан кейін аталған мешітті уақытша паналап жатқан болатын. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өз кезегінде жұрттан жолды босатып, сабырға келуді сұрады. Ол баспана кезегінде тұрған 130 мың адамға Шымкенттен үй беру мүмкіндігі жоқ екенін айтты. Сондай-ақ, аталған аумақта полицейлер жұмыс істеп жатыр. Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Төребек Байтасов өз кезегінде облыс әкімінің бұл жағдайдан хабардар екенін және халыққа қарай жолға шыққанын айтты. «Жаңа ғана Шымкент қаласына келе жатыр деген хабар түсті. Дәл қазір ол жақта облыс әкімінің кеңесшісі, Арыстағы жағдайға байланысты жедел штаб басшысы Ұласбек Сәдібеков халықтың басы-қасында жүр. Әкімнің өзі де келеді», — деді баспасөз өкілі Төребек Байтасов.

A post shared by Stan.kz қызықтың көкесі осында (@_stan.kz) on