Астанада экс-депутат ақша жымқырғаны үшін сотталды

63

Астанада экс-мəслихат депутаты А.Беленцева мен Д.Мергенбаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Тергеу мәліметінше, 2020 жылы сотталғандар «Олимп Транс Сервис» ЖШС атынан 23,2 млрд теңгеге Ерейментау ауданында жел электр станциясын салуға шарт жасасады. Олар жалған шарт рәсімдеу арқылы ақшаны серіктес компаниялардың шоттарына аударып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырған. Олар келтірген залал 8,5 млрд теңгеден асты.

 

«Сот санкциясымен 13 млрд теңге тұратын мүлікке (зауыт, демалыс базасы, арнайы техника мен көлік құралдары) тыйым салынды. Сот үкімімен Беленцева кінəлі деп танылып, оған 8 жыл 6 ай, Мергенбаевқа 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды»,  деп хабарлады ҚМА.