«SENIM» кәсіподағы ақ халаттылардың еңбегін бағалады

33
«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы төрағасы Оңалбеков Қобланбек Түлкібекұлы Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесіне орай Шымкент қаласының медицина қызметкерлерін салтанатты түрде құттықтады.
Шара барысында кәсіби міндетіне адалдығы мен денсаулық сақтау саласындағы еңбегі үшін бірқатар қызметкерлер марапатталды.
«Төс белгісімен»:
Досанбаев Нышанбай Карибаевич – «Klinika Qazyqurt», бас дәрігер;
Мехитбаева Маржан Гусеиновна – ШЖҚ МКК «№13 қалалық емхана», мамандар бөлімінің инспекторы.
«Құрмет грамотасымен»:
Мәуленов Қазыбек Асқарұлы – ШЖҚ МКК «№1 қалалық клиникалық аурухана», хирургия бөлімінің дәрігері;
Шадиметова Мамлакат Тургунбаевна – ШЖҚ МКК «№3 қалалық аурухана», медбике;
Умирова Багила Кабиловна – ШЖҚ МКК «№1 қалалық клиникалық балалар аурухана», аға медбике;
Темирбаев Нурлан Карабаевич – ШЖҚ МКК «Психикалық денсаулық орталығы», психолог еңбек инструкторы;
Төлеген Диана Ерланқызы – ШЖҚ МКК «№2 қалалық емхана», мейіргер;
Нуримбетова Майра Тагаймуратовна – «Мамандандырылған бөбектер үйі», мейіргер.
«Алғыс хатпен»:
Балтабаева Айгүл Бериковна – ШЖҚ МКК «Залалсыздандыру орталығы», медқызметкер;
Жакыпова Назира Қалыбекқызы – МКҚК «№2 оңалту орталығы», тазалық бикесі
Еримбетова Лаура Сапарғалиевна – МКҚК «Мейірім оңалту орталығы», емдеу бөлімінің меңгерушісі;
Бахадиров Махат Бекұлы – «Шымкент обаға қарсы күрес станциясы», зертханашы
Садыбаева;
Балжан Нурмаханбетовна – ШЖҚ МКК «Қалалық перзентхана», мейірбике.
Филиал төрағасы Қобланбек Түлкібекұлы өз сөзінде Конституция күнінің ел тарихындағы ерекше маңыздылығына тоқталып, Ата Заңымыз мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуының берік негізі екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол ақ халатты абзал жандардың халық денсаулығын қорғаудағы рөлі мен жауапкершілігі айрықша екенін баса айтып, олардың еңбегі әрқашан құрметке лайық екенін жеткізді.
Мерекелік іс-шарада кәсіподақ мүшелері мен медицина қызметкерлері жылы лебіздермен бөлісіп, мемлекет пен қоғам тарапынан көрсетіліп отырған қолдауды сезінді. Бұл жиын денсаулық сақтау саласы мамандарының ынтымағы мен бірлігін нығайта түсті.