Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген тағы бір марапатқа ие болды. Бұл туралы бүгін, 2024 жылдың 9 желтоқсанында оның командасы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олардың мәлімдемесіне сүйенсек, «Халықтың сүйіктісі-2024» 14-ші ұлттық премия өздерінің қорытындысын шығарды.
«Ең беделді қоғамдық марапат он номинация бойынша берілді.Қазақстан Республикасының Халық әртісі Димаш Құдайберген төртінші рет жылдың Мәдениет қайраткері болып танылды»Димаш Құдайбергеннің командасы
Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 2025 жылдың 16 қаңтарында өтеді.
Бұған дейін Димаш Құдайберген өзінің кезекті марапатын аты аңызға айналған опера әншісі, КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына арнағаны хабарланған болатын.