АСАУБАЕВА ТАРИХИ ЧЕМПИОНАТТАН КЕЙІНГІ ӘСЕРІН АЙТТЫ

978

17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алғаннан кейінгі әсерін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнир соңғы сәтте Қазақстаннан Варшаваға (Польша) ауыстырылды. Асаубаева бұл маңызды емес екенін айтты. Шахматшының айтуынша, ол өз карьерасындағы ең көп гонорар алған.

«Шексіз бақыттымын, көңіл күйім керемет, аздап қалыпқа келу керек. Егер ондыққа кірсем, жақсы болар еді деп ойладым. Өйткені өзімді блицте соншалықты күшті деп санамаймын. Келесі міндетім — классикалық шахматта әйелдер арасында әлем чемпионы атану. Бұл турнир сәтті болды деп ойлаймын. Мені анам, әкем және жаттықтырушым Сергей Долматов қолдады», — деді Асаубаева.

Сондай-ақ, ол гонорарын қайда жұмсайтынын айтты. «Білмеймін», — деді шахматшы.

Бұған дейін 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның блиц бойынша әлем чемпионы атанғаны хабарланған еді. Бұл — ересектер арасындағы шахматтағы Қазақстанның алғашқы алтыны.