Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында бұқаралық спортты дамытуға арналған тапсырмасын жүзеге асыру бағытында біршама ауқымды жұмыстар жүзеге асып келеді. Үшінші мегаполисте ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қала жастарына салауатты өмір салтын насихаттау бойынша Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің мамандары және «Шымкент қаласы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар және Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы «Ушу Кунг-фу бірлескен федерациясының» ұйымдастыруымен «Отанға құрмет — әрбір жасқа міндет» тақырыбында спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты жастарды Отанға құрмет көрсетіп, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Сонымен қатар түрлі кереғар діни ағымдардан адаспай, оларды спортқа баулу болып табылады. Спорттық шара аясында жастар спорттың сан түрімен сынға түсіп, мықтыларды анықтады. Аталған шараны ұйымдастырушылар жастарға беретін тәрбиелік мәні бар мұндай маңызы бар спорттық іс-шараларды алдағы уақыттада өткізуді жоспарлап отырғандарын айтты.