10 — ТАМЫЗ «АБАЙ КҮНІНЕ» АРНАЙЫ ВИКТОРИНАЛЫҚ СҰРАҚ-ЖАУАП АЙДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

983
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және ШҚФ «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және 10 тамыз «Абай күніне» арнайы қала тұрғындарының арасында викториналық сұрақ-жауап айдары өткізілді.
Шараның мақсаты қала тұрғындарына Абай өмірі мен шығармашылығыннан сыр шертетін сұрақтар қойып, сол арқылы келер ұрпаққа қалдырған өсиетін жастар арасында насихаттау. Сонымен қатар Абай өлеңдері мен қара сөздерінен нәр алып, тәлім — тәрбие алуға бағыттау болып табылады.
Викториналық сұрақ-жауап барысында дұрыс жауап берген қала тұрғындары мен жастарға арнайы Абай өлеңдер жинағы мен қара сөздері жинақталған кітапшалар және қыздарға арналған қазақы нақыштағы әшекей бұйымдар тарту етілді.