ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында және Халықаралық жастар күніне орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Көмек оңалту» орталығындағы жастар мен жасөспірімдер арасында «Болашаққа бағдар» атты интеллектуалдық, спорттық сайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты – жастардың білімі мен біліктілігін, ұшқырлық, интеллектуалдық ойлау қабілетін дамыту және шапшаңдық пен сенімділікке баулу.
Сайыс соңында белсенді деп танылған жасөспірімдерге алғыс хаттар мен сыйлықтар тарту етілді.