Ендігі Қазақстанда балаларға Манту сынамасын салмайды

1182
Еліміздегі фтизиатрлар Манту сынамалары өзін-өзі ақтамайтынын айтуда. Оларды ақырындап аллергия беретін компоненттері жоқ әрі анағұрлым тиімді сынамаларға алмастырмақ. Дәрігерлер бүгінде туберкулезді емдеп жатқан әдістерден оң нәтиже күтіп отыр.
Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Қазақстанда туберкулезді анықтайтын сынама бұрыннан қолданылып келеді. Алайда ол үнемі дұрыс нәтиже бере бермейді. Бүгінде оларды басқа сынамаларға алмастыру ақырындап жүргізіліп жатыр. Жаңа сынамалардың құрамында аллергия беретін заттар жоқ және анағұрлым тиімді көрінеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда орташа есеппен 100 мың адамның 48-і туберкулезбен ауырады. Бұл 10 жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 2 есе төмен.
Сонымен қатар аталған дерттен қайтыс болғандар саны да азайып келеді. Десе де ел тұрғындарының тексерілуге асықпайтыны әлі де қиындық тудырып отыр.
«Туберкулез ауа арқылы жұғады. Тиісінше, біз аурудың анықтау үшін, байланысқа түскен адамдардың бәрін тексеруге тырысамыз. Әр жағдай тыңғылықты тексеріледі. Ал пациентті бақылап, басқа адамның дертке шалдығуына жол бермес үшін, медициналық қызметкерлер деңгейінде анықтайды», – дейді Фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов.