«Олимп» 145 миллиард теңге айыппұлды төлей ме?

880
Алматы қалалық прокуратурасының хабарлауынша, «Олимп» букмекерлік кеңсесінен салық тексерісінің нәтижесінде, 145 миллиард теңге айыппұл салынды.
Алматы қаласы прокуратурасының талабы бойынша «Олимп» сауда белгісімен қызметін жүзеге асыратын «Олимп.kz» букмекерлік кеңсесі» ЖШС және Alpha-bet ЖШС қызметіне тақырыптық салықтық тексеру тағайындалды.
Тексеріс Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаментімен бес ай бойы жүргізілді, соңғы бес жылда ойын бизнесі салығын дұрыс есептеу мәселесі қаралды.
«Букмекерлік кеңсесі» ЖШС өсімпұл мен айыппұлдарды есепке ала отырып, салықтық тексеру нәтижелері бойынша «Олимп.kz» ЖШС ­— 62 миллиард теңге, ал Alpha-bet ЖШС ­83 миллиард теңге есептелді.
Бұған дейін, ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп, «Олимп» букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген болатын.

дереккөз:aikyn.kz