Қазақстандық зілтемірші әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

1495
Лас-Вегаста өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
61 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен 16 жастағы Сайрамкез Ақмолда алтын алқаны жеңіп алды. Алматы облысынан шыққан спортшы қоссайыс бойынша 257 кг көтерді (112 + 145), берілген алты мүмкіндікті де мүлт жібермеді.
«Біз осы әлем чемпионатында қарқынды дайындалдық, жаттығу кезінде барлық балалар жақсы нәтиже көрсетті. Сайрамкез Акмолда біздің үмітті ақтады, бапкерлер құрамы бар барлығымыз оны үшінші орыннан көрінеді деп болжаған едік. Мұндай жарысқа бірінші рет қатысқанына қарамасатн ол үлкен жетістікке жетті. Қалған балалар да жақсы өнер көрсетіп, жанкүйерлерімізді ұятқа қалдырмаймыз деген ойдамыз», — дейді Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов.
Дереккөз:baq.kz