Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» Қаратау ауданы бөлімінің ұйымдастыруымен «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Кездесуге «Болашақ оңалту орталығының» маманы Орынбаева Ақмарал Елубайқызы және «Оңтүстік Қазақстан көпсалалы» коледжінің студент жастары қатысты .
Аталмыш шараның мақсаты жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық, нашақорлықтың алдын алу. Өз-өзіне деген сенімділікті күшейту және ішкі қабілеттерін арттыру.
Кездесуде барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізіледі.