ЖАСТАРДЫҢ ЖАНАШЫРЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

1078

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Жастар және отбасы істері комитеті» төрағасы Байманов Шахмардан Асқарұлы Шымкент қаласына іс — сапармен келді.

Іс — сапар барысында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен Шымкент қаласының төрт аудандарында ашылған «Жастар ресурстық орталылықтарын” аралады.

Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби және Қаратау аудандық “Жастар ресурстық орталығының” жастар мамандарымен және атқарылған жұмыстарымен танысып, жастар мәселелерін талқылып, қызметкерлердің ұсыныс пікірлерін тыңдады.

Сондай-ақ, комитет төрағасы алдағы уақытта жастар саясатын жүзеге асыру, жастарға қатысты кешенді мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын іске асырылуы жөнінде ұсынымдарымен бөлісті.