«ЕСІРТКІ ЖӘНЕ АИТВ/ЖИТС-ТІҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

753

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Aутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің және Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» ұйымдастыруымен «Есірткі және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында іс-шара өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» маманы Назира Жүргенбаева және № 14 мектептің оқушылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты:
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу;
Нашақорлықтың, суицидтің алдын алу;
АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытылы АИТВ/ЖИТС-дан тексеруден өту.

Іс-шара барысында кәмілетке толмағандар арасында құқықбұзушылық, нашақорлық, суицидке жол бермеу, қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасымен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында айтылды.

Іс-шарада барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізіледі.